Оралда апаттан құтқару жұмысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда апаттан құтқару жұмысы аяқталды

05.01.2024

Оралда дәмханада болған газ жарылысынан, үйінді астын тазарту, құтқару жұмыстары аяқталды. Қираған ғимарат толығымен аршылды. Оқиға орнында анықтаушылар адам өлімі мен жарылыстың шығу себебін зерделеп жатыр. Оқиға болған түннен бастап төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары мен өрт сөндірушілері, полиция, жедел жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың мамандары 16 сағат бойы үздіксіз жұмыс істеді. Айта кетейік, кеше қаладағы «Ризық» дәмханасында газ жарылып, төбесі опырылып, өрт шыққан еді. Құтқарушылар қираған үйіндінің астынан үш адамның денесін тапты. Олардың біреуі - 19 жастағы қыз бала мен екеуі - 20 және 32 жастағы ер адамдар. Алты адам құтқарылды. Олардың бесеуі ауруханада жатыр. Жансақтау бөліміндегі төртеуінің жағдайы ауыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу