ШҚО-да екі бала қар астында қалып, біреуі мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да екі бала қар астында қалып, біреуі мерт болды

03.02.2020

ШҚО-да екі бала қар астында қалып, біреуі мерт болды

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, Шемонаиха қаласының маңындағы өзен жағасында 4 жасөспірім ойнап жүрген. Бір мезетте қалың қардың шеті опырылып, екеуін басып қалады. 

16 жастағы баланы достары өздері қар астынан алып шыққан, ал екіншісін таба алмай, көмек шақырады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қар астында қалған баланың денесін арнайы үйретілген иттің көмегімен тапты. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу