Қазақстандық құтқарушылар үйінділер астынан 7 адамды алып шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық құтқарушылар үйінділер астынан 7 адамды алып шықты

15.02.2023

Қазақстандық құтқарушылар бүгінге дейін үйінділер астынан 7 адамды алып шықты. Зардап шеккендер медицина мамандарына тапсырылды. Сонымен қатар біздің құтқарушылар үйінділер астынан қайтыс болған 88 адамның, оның ішінде 10 баланың денесін алып шықты. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 2 елдімекенде іздеу-құтқару жұмыстары мен қираған үйлердің орнындағы үйінділердің арасын ашу жүріп жатыр.

Дарын Сағитов


Хабарламаларға жазылу