Елордаға Қонаев қаласынан 30-дан аса десантшы әскери борышын өтеп келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордаға Қонаев қаласынан 30-дан аса десантшы әскери борышын өтеп келді

11.10.2023

Елордаға Қонаев қаласынан 30-дан аса десантшы әскери борышын өтеп келді. Ел алдындағы міндетін атқарған азаматтарды Қорғаныс министрлігінің өкілдері мен Қарулы күштер ардагерлері, туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алды.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінде Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздар абыроймен оралды. Қонаев гарнизонында жыл бойы темірдей тәртіп пен міндетін адал атқарған азаматтар жақындарымен сағынып қауышты.

Жұма Тайжанов, «Қарулы күштердің ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің өкілі:

Былтыр күз айында осындай мың шамалас азаматтарды әскер қатарына жібергенбіз. Бұл шара Қорғаныс министрлігінің атынан жыл сайын орындалады. Ел азаматтарын марапатпен қарсы алып, марапатпен шығарып салуға қарулы күштердің ардагерлері болып келіп отырмыз.

Ел бойынша жылда 17-27 жас аралығындағы 19 мыңға жуық азамат әскерге жөнелтіледі. Әрқайсысы Шекара, Ұлттық Ұлан, Мемлекеттік күзет және Қарулы күштердің сарбазы атанады. Алматы облысында әскери міндетін атқарған Мақсат Қалдыбектің айтуынша, әскери өмір болашақ мақсат-жоспарларын құрып бергендей.

Мақсат Қалдыбек, сарбаз:

Жақсы бригада енді, парашюттен секірдік. Командирлерге көп-көп рахмет. Бәрін үйретті, көрдік, аттық. Жас балаларды отан алдындағы борышын өтеуге шақырамын.

Айта кетейік, салтанатты шарада «Жас сарбаз әскери-патриоттық қозғалысы» тәрбиеленушілері де қатысты. Мұндағы басты мақсат келер ұрпақтың бойындағы патриотизмді ояту.

Аида Ахметбек

Хабарламаларға жазылу