Қарағанды облсының Қарақарлы ауданында 27 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға зәру. Тіпті, тіршілік нәрін тасып ішетін ауылдар бар. 2025 жылдың соңына дейін бұл елді мекендерді түгел сумен қамту жоспарланған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жоспарлы жұмыстар қалай атқарылып жатыр?
Матақ ауылының тұрғыны Баян Мәкееваның отбасы аптасына бір мәрте 60 шақырым жердегі Қарқаралыға барып, 100 литр су әкеледі. Себебі ауылда тұщы су тапшы. Ал көлігі жоқтар ауылдағы құдықтан ішуге мәжбүр.
Баян Мәкеева, Матақ ауылының тұрғыны:
Әсіресе, қыс айларында тасымал су өте қиын. Ауылда су жоқ емес бар, бірақ ол су ішуге жарамсыз, бәленбай жылдан бері ауыл халқы шамалары келмеген соң еріксіз түрде ішеді. Дегенменде денсаулыққа зиян. Сондықтан жан-жақтан тасып ішіледі.
500-ге жуық тұрғыны бар ауылға осыдан 17 жыл бұрын мемлекеттік бағдарламамен ауыз су торабы тартылған. Сол кезде қазылған скважинаның тереңдігі 17 метр ғана. Яғни суы ащы. Шала орындалған жұмыс белгісіз себептермен жергілікті биліктің тарапынан қабылданып кеткен.
Биылдан бастап ауылға 6 шақырым жерден тұщы су көзі табылып, құбыр тартыла бастады. Қазір жұмыстың 80 пайызы аяқталған.
Жәнібек Әбіқаев, мердігер:
Екі скважина қазылды. Суы тексерілді зертханадан өтті. 50 кубтық екі резервуар бар , ауылға насоспен суды айдап тұрады. Сосын бір мұнара бар. Ол қазір аварейный ретінде тұр. Яғни свет болмаса да ауылда су ағып тұрады.
Жалпы Қарқаралы ауданы бойынша қазір 6 елді мекенде су тартылып жатыр. Соның ішінде аудан орталығы Қарқаралы қаласының да мәселесі түбегейлі шешілмек. Шаһарға сапалы тіршілік нәрін жеткізу үшін қазынадан 3 миллиард теңгедей қаражат бөлінген. Жарлы жерасты су көзінен негізгі торап тартылып бітті. Енді ішкі құбырлар ауыстырылуда.
Қуандық Таласбаев, Қарқаралы ауданы ТҮКШ бөлімінің басшысы:
Қалааралық орталық толығымен ауыз сумен қамтылған Ауылдық елі мекендерде ауыз сумен қамтамассыз ету 82,9 пайызды құрайды бүгінгі күні. Жалпы Президенттің тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін толық көлемде елді мекендерді қамту міндеті тұр.
Қазір аудан бойынша 27 елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға зәру. Жергілікті биліктің мәліметінше келер жылы 13 ауылға, ал қалғанына 2025 жыдың соңына дейін су құбырын тарту жоспарланып отыр.
Руслан Нұрланұлы