Сауда орындарындағы таразылар тексеріле бастады
Бүгіннен бастап ел аумағындағы барлық сауда нысандарында тұрған таразылар тексерілмек. Оған себеп тұтынушы тарапынан шағымдардың жиілеп кетуі-дейді Сауда министрлігі. Тексеруді арнайы мекемелер жүргізеді. Ал құрылғыдан шикілік шықса, кәсіпкер 100 мыңнан 2 млн теңгеге дейін айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Қуаныш Елікбаев, ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы:
Біз тексерісті бірден бастамаймыз. Өйткені ол үшін алдымен негіз болуы керек. Бірақ әр жыл сайын біз мұндай тексерісті өткізуді жоспарлап тұрмыз. Сондай-ақ кез келген таразы, механикалық не электронды болсын ол мемлекет тізілімінде болуы шарт. Ал сынақты біз гір тасын таразыға қойып анықтаймыз. Дәл осылай құрылғының дұрыс не дұрыс еместігі белгілі болады.
Бұл тексерістің ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысы жоқ. Тек ірі және шағын кәсіп субъектісі бар орындарға тиесілі. Таразы заң талабын сай келмесе, кәсіпкерге айыппұл көзделген. Жеке тұлғаларға 30 АЕК, яғни 103 500 тг, ал ірі кәсіпорындар 600 АЕК, 2 млн 70 000 тг айыппұл төлейді.
Гүлзада Әбілқайыр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан – Ресей: Білім саласындағы әріптестік
05.05.2026, 13:24
Ресейде қазақстандық жауынгерлерге құрмет көрсетілді
05.05.2026, 13:21
БАӘ Иранның шабуылына ұшырағанын мәлімдеді
05.05.2026, 13:18
Қытайдағы жарылыстан 21 адам қаза тапты
05.05.2026, 13:15
Өскемендегі жарылыс: 2 адам көз жұмды
05.05.2026, 13:12
Түркістан облысында мақта өңдейтін 14 өндіріс ашылады
05.05.2026, 13:10
Балқаш көлінің жағасы жекеге заңсыз өткені анықталды
05.05.2026, 13:07
Энергетикалық нысандарды жөндеуге ₸627 млрд бөлінді
05.05.2026, 13:05