Өскемендегі жарылыс: 2 адам көз жұмды
Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде болған жарылыстан екі адам қаза тапты. Тағы бесеуі ауруханада жатыр. Мұны кәсіпорынға жауапты «Қазцинк» мекемесі хабарлады. Олар зардап шеккендерге психологиялық, материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Ал ғимараттағы өрт толық сөндіріліп, оқиға орнында жедел штаб жұмыс істеп жатыр. Жағдайды Премьер-министр Олжас Бектенов өз бақылауына алып, Төтенше жағдайлар, Экология министрліктеріне және облыс әкімдігіне тиісті тапсырмалар берді.
Еске саламыз,
бүгін таңертең шаң сүзу цехында жарылыс болып, өрт шықты. Ғимараттың бір бөлігі
опырылып түскен еді. Кәсіпорын
өкілдерінің сөзінше оқыс жағдай түтін сорғышты тазалау барысында болған.
Тергеу, тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00