Энергетикалық нысандарды жөндеуге ₸627 млрд бөлінді
Биыл энергетикалық нысандарды жөндеуге 627 млрд теңге бөлінді. Бұл қаржыға 30 шақырым жылу желісі мен 10 мың шақырымнан асатын электр желісі жаңғыртылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Жоспар бойынша жылу электр станцияларындағы 9 энергоблок, 55 қазандық пен 51 турбина күрделі жөндеуден өтеді. Үкімет басшысы жылумен қамтамасыз ету нысандарындағы жұмысты тамыздың соңына дейін аяқтауды тапсырды. Бірінші кезекте білім беру және денсаулық сақтау мекемелері толық дайын болу қажет, деді. Егер бірінші қыркүйекке дейін өңірлерде энергия нысандары дайындық паспорттарын алмайтын болса, онда сол облыстың немесе қаланың әкімі жауап береді.
Олжас Бектенов, Премьер-министр:
Енді келесі жылыту маусымына сапалы дайындықты қамтамасыз ету керек. Бұл – өңірлердің алдында тұрған негізгі міндет. Энергия көздері мен желілік жабдықтарды жөндеу және ауыстыру бойынша жоспарлы жұмыстарды жалғастыру қажет. Жылу желілерін дер кезінде әрі сапалы сынақтан өткізу керек. Ойланып-толғанып жүруге уақыт жоқ. Барлық жұмыс белгіленген мерзімде және толық көлемде орындалуға тиіс. Жаз бойы жұмысты күшейтіңіздер.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00