«Саламатты Қазақстан» пойызы Батыс Қазақстан облысына жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Саламатты Қазақстан» пойызы Батыс Қазақстан облысына жетті

02.10.2023

«Саламатты Қазақстан» пойызы Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданына жетті. Әлеуметтік жоба сәуірде бастау алған еді. Шалғайдағы тұрғындарға дәрігерлермен қоса, кәсіби заңгер, медиаторлар тегін кеңес берді. Азаматтық істер, еңбек қатынастары, жер, тұрғын үй, қаржы салалары, отбасы және неке мәселелері бойынша заңгерлік, құқықтық көмек көрсетілді. Әлеуметтік пойыз 13 облысты аралап, 85 бекетке аялдаған. Күні бүгінге дейін 50 мыңнан аса адамды қабылдаған. Жылжымалы көлік қазанның 6-сына дейін облыс елді мекендерін аралайды.

Күмісханым Берекетова, ауыл тұрғыны:

Жылда бізге осы «Саламатты Қазақстан» пойызы келіп, денсаулығымызды дұрыстап, дерігерлер тегін қабылдайды. Бүгін тағы қуана-қуана келдік. Өте ризамыз.

Әлия Борашева, кәсіби медиатор, ұлттық комиссия өкілі:

Осы күнге дейін 5 мыңға жуық адамға құқықтық көмек көрсетілді. Көбіне қойылатын сауалдар - несиені төлемеу, алимент, жер мәселесі, мұрагерлік, отбасылық жанжалдар туралы.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу