Қазақстанда жеке инвесторлардың қаржысына 20 көпбейінді аурухана салынады. Бұл жайында Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен инвестициялық ахуалды жақсарту туралы кеңесте айтылды. Жиында заманауи медициналық технологияларды енгізу, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, шалғайдағы елді-мекендердің тұрғындарына медициналық қызмет көрсету мәселелері жан-жақты талқыланды. Қазірдің өзінде бірнеше шетелдік ірі компания Қазақстан медицинасына қаржы құйып, дәрі-дәрмек өндірісін дамытуды жоспарлап отыр. Үкімет 2027 жылға қарай медицина саласын қаржыландыру деңгейін ЖІӨ-нің 5%-на дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Осылайша медицина саласындағы негізгі проблемалар шешілмек.
Оңғар Алпысбай