Биыл Астанада «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 111 жоба іске асырылған
Биыл жыл басынан бері Астанада «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 111 жоба іске асырылған. Оған 4 млрд 205 млн тенге бөлініпті. Қазір нысандарды тапсыру жұмыстары жүргізілуде. Президент Қазақстан халқына жолдауында «бұл жобаның ауқымын кеңейтіп, аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдарды тарту керек» деген еді. Мамандар қазірдің өзінде біраз өзгерістің болып жатқанын айтады.
Гүлбаршын Ошақбаеваның мына көп қабатты үйде тұрып жатқанына 17 жыл. Соңғы рет аулаға 2016 жылы жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Содан бері өңі кетіп, тозығы жеткен. Тұрғындармен ақылдаса келе «Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініш береді. Нәтижесінде мұнда жаңа ойын алаңы мен жаттығу құрылғылары орнатылып, қайта жабдықталып жатыр.
Гүлбаршын Бұршақбаева, қала тұрғыны:
Осы үйде тұратын балалар да, шал-кемпірлер де, бәрі бақытты. Өйткені, мына отыратын отырғыштардың өзі қандай?! Бүгінгі талапқа сай жасалған.
Жоба 2019 жылы пилоттық нұсқада іске қосылды. Басты мақсат – бюджетті талқылауға халықты тарту.
Еркебұлан Қуатбеков, Сарыарқа ауданы әкімі аппараты Абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бөлімінің бас маманы:
Жобаны жүзеге асыру барысында кешенді абаттандыру, көгалдандыру ауланы, ішкі орамдық жолдардың асфальттарын ауыстыру, брющаткаларын жаңарту, одан басқа, балалар ойын алаңын, кіші сәулет нысанын қайта жаңадан орнату жұмыстарын қамтиды.
«Халық қатысатын бюджет» жобасына өтініштер жыл басында қабылданады. Келіп түскен ұсыныстарды сараптамалық кеңес қарап, 30-шы сәуірге дейін шешім шығарады. Осылайша, талапқа сай келгендерін тұрғындардың дауыс беруіне жібереді. Кейін халық тарапынан тиісті қолдауға ие болғандарына қажетті қаржы бөлінеді.
Әлішер Баялиев, Абаттандыру, цифрландыру және бюджеттік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы:
Халық, өздерін мазалап жүрген немесе өздеріне қажетті жұмыстарды, яғни, объектілерді 20-шы қаңтардан 1-ші наурызға дейін өткізуге тиіс. Өткізу дегеніміз, ол өтінім ретінде. Өтінімде жалпы жобаның атауы, сипаттамасы, оның болжамды шығындары, сонымен қатар, қажет болған жағдайда презентацияны да өтініммен бірге тіркеуге болады.
Еркебұлан Қуатбеков, Сарыарқа ауданы әкімі аппараты Абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту бөлімінің бас маманы:
Ең бірінші, тұрғындар өздерінің ауласын жаңарту мақсатында сызба дайындайды. Олар келешекте ауланы қалай көргісі келеді? Содан кейін хаттама толтырады. Осы тұрғын үй тұрғындарының барлығы жобаға келісе ме? Барлығы келіскен жағдайда не 50 пайыздан жоғарысы келіссе, олар ресми сайтқа жүктейді.
Басты талаптардың бірі – ұсынылған жобаның құны 86 млн 250 мың теңгеден аспауы шарт. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда нысанға кешенді жөндеу жұмысары жүргізілмеген болуға тиіс.
Айта кетейік, елордада 2019 жылдан бастап осы бағдарлама аясында 179 жоба жүзеге асырылып, 5 млрд теңгеден аса қаржы игерілген.
Бауыржан Бөгенбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әскери-патриоттық мультхикая жарық көрді
05.05.2026, 17:37
ҚР Президентінің Архивінде «Ұлы ерлік жолы» көрмесі ашылды
05.05.2026, 17:35
Қарағанды облысында ІІ д.с. қатысқан 6 ардагер бар
05.05.2026, 17:33
Павлодар музейіне майдангердің киімі табысталды
05.05.2026, 17:30
Шымкентте қоқыс тасуға қосымша 23 техника берілді
05.05.2026, 17:27
Экологиялық жауапкершілік Конституциямен бекітілді
05.05.2026, 17:25
Ауыр техника өндіретін 150-дей компания Астанаға жиналды
05.05.2026, 17:22
Халықаралық технологиялық әріптестік күшейді
05.05.2026, 17:20