Атырауда сауда нүктелерінің картасы әзірленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда сауда нүктелерінің картасы әзірленеді

29.09.2023

Атырауда сауда нүктелерінің картасы дайындалады. Сол арқылы тауар бағасы бақыланады. Мұнайлы өңірге жұмыс сапарымен барған Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев осылай деді. Қазір тұрғындар тарапынан азық-түлік бағасына қатысты шағым көп. Осы мәселені реттеу үшін аталған бастама қолға алынбақ. Облыс кәсіпкерлерімен кездескен ведомство басшысы саладағы өзекті мәселелерді талқылап, жиынға қатысушылардың өтініш-тілектерін тыңдады. Арман Шаққалиевтің сөзінше 2027 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемі 46,5 млрд долларға дейін жетеді. Сондай-ақ, сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында 5 шекара аралық хаб құрылатынын да жеткізді. Сонымен қатар тұтынушылардың құқығын бұзған кәсіпкерге айыппұл салу туралы заң жобасы әзірленеді.

Арман Шаққалиев ҚР Сауда және интеграция министрі:

Қазір бизнесмендердің құқықтары өте мықты қорғалады. Өте тиімді, түсінікті модель бар. Ал тұтынушылар, олар кей кезде құқықсыз қалады. Сол үшін мынадай институт бізге керек. 


Хабарламаларға жазылу