Қарағанды облысында 200 отбасы жылусыз қалуы мүмкін
Қарағанды облысының Саран қаласында 200-ден астам отбасы күздің қара суығында бүрсең қағуы мүмкін. Себебі ауладағы жеке қазандыққа жауапты кәсіпкер «тұрғындар қарызды өтемеді» деген желеумен жұмыс істеуден бас тартқан. Онымен қоймай, пеш пен қазандықтың басқа да жабдықтарын бұзып алып кеткен. Ал 1 қазаннан жылу беру маусымы басталады. Жергілікті билік болса, халық жылусыз қалмайды,-деп уәде беріп отыр. Қазір бұл қазандықты басқа кәсіпкер иелігіне алыпты. Дегенмен нысанды қайта іске қосу үшін біраз уақыт керек.
Қален Сейілбеков, Саран қаласының тұрғыны:
Бес-ақ күн қалды жылыту маусымына. Біреулерге беріп жатыр. Кімге беріп жатқанын да білмейміз. Халық ештеңені білмейді. Мына трубалардың барлығы шіріген.
Роман Бузмаков, кәсіпкер:
1 қазанға дейін жұмысты бітіруге әрине үлгермейміз. Былтыр ғана айырбасталған қазандықтың жай-күйін тексеру керек. Пештерді қалаймыз. Көмір түсіру керек. Содан кейін барып, құбырларға су жіберуді бастаймыз. Бұл бір апталық жұмыс емес. Дегенмен, мүмкіндігінше жылдам аяқтауға тырысамыз. Дәл қазір жұмысшыларым да бос емес.
Саран қаласында орталықтандырылған жылу қазандығының құрылысы 2011 жылы басталған. Жоба бойынша 2015 жылы бітуі тиіс еді. Алайда, әу бастағы жауапсыз мердігердің кесірінен, сақалды құрылыс осы күнге дейін созылды. Енді биыл аяқталып, тұрғын үйлерге жылу келер жылдан бастап беріле бастайды. Осыған байланысты қала тұрғындары аулаларға қойылған 51 жеке қазандықпен тағы бір қысты өткеруі тиіс.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары анықталды
16.10.2026, 20:12
SuperStar KZ: Жартылай финалда алғашқы ондық бақ сынайды
16.10.2026, 20:10