Нью-Йоркте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йоркте Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездесті

26.09.2023

Қазақстан екі жақты және халықаралық байланыстарды нығайта түседі. Осы орайда, БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясының жоғары апталығы аясында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бірнеше маңызды кездесу өткізді. Нью-Йорктан АҚШ-тағы меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлы толығырақ.

Жалғас Сәдібекұлы, тілші:

Сессия аясында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері кездесті. Мұрат Нұртілеу әріптестерін ұйым қызметінің әртүрлі аспектілері бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді, әрі құрылымды одан әрі дамыту жайын қозғады. Ал Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесуде өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылады. Орталық Азия өңірінде су ресурстарын пайдалану, қоршаған орта және климаттың өзгеруі жайына ерекше назар аударды.
Нью-Йоркте сондай ақ Мұрат Нұртілеудің төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Қазақстанның ұйым төрағасы ретінде тараптардың бірлескен күш–жігерін Шанхай ұйымының қызметін жетілдіруге бағыттауға дайын екендігін білдірді. «Қазіргі жағдайда бізге замануаи қауіп-қатерлерге тиімді жауап бере алатын мобильді ұйым қажет», - деді министр.
Қазақстан-Жапониямен арадағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейте түседі. Жапонияның Сыртқы істер министрі Йоко Камикавамен болған кездесудегі незігі тақырып осы болды. Әсіресе, жасыл энергетика, көлік және логистика секторларында ынтымақтастықты әртараптандыруға ерекше назар аудармақ. Жапония біздің елдегі ірі шетелдік инвесторлардың бірі. Осы кезге дейін сегіз млд доллардай қаржы құйған. Ал, екіжақты тауар айналымы 2022 жылы 71%-ға арып, екі млрд долларға жуықтады.


Хабарламаларға жазылу