Ұлы дала жорығы: Жетісу облысында жеңіске жеткен шабандоздарға құрмет көрсетілді
Ұлы дала жорығында жеңіске жеткен шабандоздарға Жетісу облысы сый-құрмет көрсетуін жалғастыруда. Жеңімпаз команданы облыс әкімі Бейбіт Исабаев қабылдап, аймақтың абыройын асқақтатқаны үшін алғысын білдірді. 1300 шақырымға созылған дүбірлі додада 20 команданың арасынан жетісулық азаматтар оқ бойы озып шыққан болатын.
1300 шақырым. Таулы тасты, ойлы қырлы, құмдауыт батпақты жермен бірде шауып, бірде желіп өткен Жетісу командасы соңғы кезеңде алдына қара салмады. Былтыр екінші орын алған шабандоздар биыл ерекше дайындалды. Аттарын баптады, өзіндік әдіс-тәсіл қолданды.
Айдархан Шәріпов, команда капитаны:
Ақыл жетпеген жерге сабыр жетеді дейді ғой. Сол сабырмен келдік. Негізі бұған енді былтыр кішкене тәжірибе аз болғаннан кейін, көп дайындық болмады. Биыл Алла қалап, бірінші орын аламыз деп барғанбыз.
Команданың ұйымшылдығының арқасында мақсат орындалды. Ұлы дала жорығының кубогы Талдықорған төрінде. Өңірдің намысын қорғай отырып, қазақтың атбегілік өнерін бүкіл әлемге паш еткен жобаның маңыздылығын облыс әкімі де ерекше бағалап өтті. Шабандоздарға 1 млн теңгенің сертификатын тапсырып, алғыс хаттармен марапаттады.
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
Халқымыздың, ұлтымыздың керемет жақсы дәстүрлері бар. Жаңарып жатқан Қазақстанымыздың ортақ мақсат-мұраттарының төңірегінде топтастыратын ұлттық идеологияның пәрменді бір тетігі, пәрменді құралы. Тек қана спорт деп қарамауымыз керек.
Жетісудың жылқылары түрлі бәйгелерде топ жарып, жүйріктілігін дәлелдеп келеді. Енді, міне, ұзақ қашықтықты жүріп өтуде төзімділігімен де бір сыналды. Өңір басшылары ұлттық ат спортын одан әрі дамытуға мүдделі.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12