Әлем жаңалықтары: Ресей мен Солтүстік Корея әскери әріптестікті күшейте ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем жаңалықтары: Ресей мен Солтүстік Корея әскери әріптестікті күшейте ме?

17.09.2023

Бидай мәселесі – қазір халықаралық күн тәртібіндегі ең негізгі тақырыптардың бірі. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен БҰҰ бас хатшысы Антониу Гуттеришпен бүгін «астық бойынша келісім»-ге қатысты бірқатар сұрақты талқылапты.

Ақпарат құралдары солай дейді. Телефонмен әңгіменің БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы алдында өткенін ескерейік. Бұл жиында да астық мәселесі талқылануы тиіс. Гутерриш келісімді қайта қалпына келтіру үшін тараптармен, оның ішінде Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер жүргізетінін бұған дейін мәлімдеген еді.

БҰҰ бас хатшысы былай деген: «Келесі аптада президент Зеленский, президент Ердоған және министр Лавровпен кездесемін. Сонда бұл мәселе біздің талқылаудың негізгі тақырыбы болатын түрі бар». 

«Астық келісімін» жандандыруға өткен апта Түркия президенті де талпынған еді. Бірақ Ердоғанның Путинмен кездесуінен нәтиже шықпады. Ресей президентінің батысқа қойған шарттары бар: Ресей экспортын сақтандыру, банктерді SWIFT жүйесіне қайта қосу. Оларды Түркия президенті үлкен жиырмалықтың саммитіне қатысқан басшыларға жеткізгенімен, батыстың көнетініне күмән көп.

Шетелдік сарапшылардың пікірі осыған саяды. Келесі апта БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясына Кремльдің шашбауын көтеріп, АҚШ-қа Владимир Путин емес, Ресейдің Сыртқы істер министрі баратыны белгілі. Гутерриш пен Лавров келісе ала ма? Оны енді келесі жексенбі талдаймыз.

Ал осы аптаның басты тақырыбы – Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның Ресейге сапары. Төрткүл дүние оның Путинмен кездесуін демін ішке тарып күтті, бақылады. Өйткені «екі ел әскери әріптестікті күшейте ме?» деген сауал алаңдатты. Сапардың мәні мен мазмұнын Нұрбек Матжани саралап көрді.


Хабарламаларға жазылу