Ақтөбе облысында егін орағы үш аптаға кешігіп жатыр
Ақтөбе облысында егін орағы үш аптаға кешігіп жатыр. Оған басты себеп – өңірде жауын-шашын толастамай тұр. Тіпті, шаруалар жергілікті биліктен төтенше жағдай жариялауды сұраған болатын.
Биыл облыс бойынша 440 мың гектар алқапқа дән себілді. Бүгінге дейін оның тек 44 пайызы ғана жиналды. Әйтеке би ауданының шаруалары 26 тамыздан бері жұмыс істей алмай отыр. Тек соңғы екі тәулікте ғана күн ашық. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өкілдерінің мәліметінше, биылғы егіннің шығымы жаман емес. Қажет болса, дән кептіру орындарына қосымша дизель отыны бөлінеді. Алайда, төтенше жағдай жариялауға негіз жоқ дейді.
Құсайын Сәрсенбай, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
Ертең ертеңгісін егін жинауды қайта жалғастырамыз.Егін жинауды ауа райы қолайлы болғанда осы қыркүйек айының аяғына дейін, 25-не бітіреміз деп жоспарлағанбыз. Алайда қазан айының бесіне дейін созылатын түрі бар. Ауа райына байланысты. Алайда критический жағдай жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді
16.08.2026, 20:17
Президент: Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес
16.08.2026, 20:12
Алматыда көлік жүргізушісін ұрып, есінен тандырған күдікті ұсталды
16.08.2026, 20:11
Елімізде алимент төлемей жүргендердің қарызы 18 млрд теңгеден асқан
16.08.2026, 20:09
Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймахан өмір бойына бас бостандығынан айырылды
16.08.2026, 20:04
Қостанайда құны 14 млрд теңгеден асатын технологиялық өндірістік кешен ашылады
16.08.2026, 19:56
Зейнетақы жинағын инвестициялау: Кімдерге тиімді? Шарттары қандай?
16.08.2026, 18:37
Солтүстік өңірлерге қоныс аударғандарға қандай көмек көрсетіледі?
16.08.2026, 18:06