Қарағанды облысында киіктер мыңдаған гектар егінжайды таптап кеткен
Қарағанды облысы Нұра ауданының диқандары миллиондаған теңге шығынға батып отыр. Себебі егістік алқаптарын көктем мен жаз айларында киіктер таптап кеткен. Құланөтпес шаруа қожалығының иесі Сайын Ибрагимов бұл мәселемен бірнеше жыл арпалысып жүргенін айтады. Биыл да 2 мың гектар бидай алқабын киіктер жайпап өткен. Бұл шамамен 150 миллион теңге шығын. Қорықшылар киіктерді қызғыштай қорып, фермерлерге қуғызбайды. Бұл олардың ғасырлар бойы қалыптасқан популяциялық жолы,-деген уәж айтады. Осылайша диқандар шарасыз күйде қалып отыр. Ал түз тағыларынан келген шығынды өтеу заңда нақты көрсетілмеген.
Сайын Ибрагимов, шаруа:
Киіктің шығынына кепілдік жоқ. Ондай қазіргі таңда естімеппін де, ешкім ондай страховка бере алмайды. Қаншама жер, жұмыс бар, халық отыр. Оның барлығы шығын ғой. Бұл проблеманы көтердік, барлық жерге айттық. Бірақ әзірге ешқандай жауап ала алмадық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Республика күніне орай Астанада 120-дан астам іс-шара өтеді
17.10.2026, 13:37
Әлемдік додада топ жарған спортшылар елге оралды
17.10.2026, 12:41
«Таза Қазақстан»: төрт өңірде 150 тоннадан астам қоқыс жиналды
17.10.2026, 10:34
«Әділет» партиясында агроөнеркәсіп саласының өзекті мәселелері талқыланды
17.10.2026, 10:29
Президент: Жұрт нақты нәтиже күтеді
16.10.2026, 22:02
ТШО 30 жылдан бері жергілікті компаниялардың тауары мен қызметіне 52 млрд доллар жұмсаған
16.10.2026, 20:14
Қазақстан Халық Кеңесі – қоғамдық ұсыныстарды талқылаудың жаңа тетігі
16.10.2026, 20:13
Шағын және орта бизнестен жұмыс тапқандар көбейді
16.10.2026, 20:12