Шығыс Қазақстан облысында бөлшек салықтың ең жоғарғы бағамы белгіленген. Бұл тауар бағасының қымбаттауына әкеледі. Сондықтан өңірдегі кәсіпкерлер жергілікті биліктен салықты жеңілдетуді сұрап отыр. Өйткені салық сомасын жергілікті әкім мен мәслихат депутаттары бекітеді. Жалпы әр өңір де салық сомасы әркелкі.
Салық саясатына қатысты ұсыныс білдіріп жүрген кәсіпкердің бірі -Рустам Адамов. Қалалық маслихаттың бұрынғы депутаты қазір шағын бизнеске салынатын бөлшек салық өте жоғары деп санайды. Әсіресе енді аяғынан тұрып келе жатқан кәсіпкерлер үшін 4 пайыздық салық өте көп.
Рустам Адамов, кәсіпкер:
Әр өңірдің табиғи жағдайы да кәсіпкерлікке әсер етеді. Бізде 6-7 ай қыс.Сондықтан кейбір кәсіп иелері өздері отырған нысанды жылытуға миллиондап қаржы жұмсайды. Бізде жұмысшылардың экологиялық еңбек демалысына қосымша ақша төлейміз. Біз үшін 4 пайыздық салық сомасы ауырлау.
Отандық шағын кәсіп иелері қазір 2 ден 4 пайыз аралығында салық төлейді. Ұзақ уақыт карантиннің кесірен кейбір кәсіпкерлер банкрот болған.
Олжас Керейхан, тілші:
Екі жыл бұрын болған пандемия кезінде экономикадағы кәсіпкерліктің үлесі 12-15 пайызға дейін кеміген. Қазір сауда-саттық айналымы қалыпқа келген. Есесіне тауардың бастапқы бағасының өсуіне салық тікелей әсер етіп отыр. Әсіресе азық-түлік, дәрі-дәрмек және киім-кешектің құнына қатысты.
Қазір тұтынушы сатып алған затына онлайн есеп жасаса, сол соманың аз дегенде 3 пайызын банк алады. Бұл көбінде кәсіпкердің есебінен төленеді. Экономист Салтанат Сүйеубаева онлайн қаржы аударым кезінде банктердің комиссиялық пайызын азайтуды ұсынады.
Салтанат Сүйеубаева, экономика ғылымының кандидаты:
Бұл жерде кәсіпкерлер тапқан пайдасының бір жағынан мемлекетке салық төлесе екінші шетінен комрециялық банктерге комиссия ретінде пайдасының бір бөлімі есепшоттарын жүзеге асырғаны үшін комиссия төлеп отыр. Бұл кәсіпкерелерге қосымша шығын. Екі есе шыған болып табылады. Сондықтан банктердің қойып отырған шығынын азайтса?
Қалалық мәслихат депутаттары кәсіпкерлер мен сарапшылардың ұсынысын жіті қарап, салық үстемесіне түзету енгізу үшін жұмыс тобын құрды.
Александр Светаш, Өскемен қалалық маслихатының төрағасы:
Құрамында кәсіпкерлер бар жұмысшы тобы кәсіпкерлік қызметтің 190 түріне талдау жүргізетін болады.Қаладағы салық пайызына қатысты үстемені төмендетудің жолын қарастырамыз.
Өңірде қазір кәсіпкерліктің 15 бағыты бойынша бөлшек салық жиналады.Ал биылғы қаңтардан бастап аймақта арнайы салықтық ереже қабылданды. Ол бойынша бірқатар кәсіп иелеріне жеңілдік те қарасвтырылған.
Назерке Серікбек, облыстық кірістер департаментінің бас маманы:
Қармағындағы қызметкерлерінің саны 200 адамнан аспауы тиіс. Екінші шарт жылдық айлық есептік көрсеткіштері 600 мың айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек. Бөлшек салықтың режимін қолдануға талаптарыңыз сай келетін болса, бұл яғни кәсіпкерлерге өте тиімді.
Тиімділігі сол бөлшек салық режиімін қолданатындар әлеуметтік салықтан босатылады. Бұл әсіресе енді іс бастаған кәсіп иелері үшін үлкен мүмкіндік.
Олжас Керейхан