Қызылордада қатты желден сауда үйінің шатыры ұшып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қатты желден сауда үйінің шатыры ұшып кетті

12.09.2023

Жалпы аумағы 180 шаршы метр болатын жабын жақын маңдағы мекеменің ауласына құлап, екі көлікті басып қалды. Оқыс оқиғадан адамдар дін аман.

Жалпы кеше аймақта қатты дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен.  Мамандар күні бұрын тұрғындарға SMS арқылы дабылды ескерту жасаған. 


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу