Атырауда қатты желден мектептің шатыры ұшып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда қатты желден мектептің шатыры ұшып кетті

28.07.2022

Атырауда қатты желдің кесірінен мектептің де шатыры ұшып кетті.

Зардап шеккендер жоқ. Облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметі 624 орындық мектептің 30 жыл бұрын салынғанын хабарлады. Әзірге шығын көлемі белгісіз. Бүлінген шатырды қалпына келтіру жұмыстарын жақын күндері бастау жоспарлануда.

Дәл осы дауыл кезінде Атырау облысының Жылыой ауданында бірнеше елдімекен жарықсыз қалған. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу