Ақмола облысында электр желілері қалпына келтірілді
Ақмола облысында қатты желдің кесірінен үйлердің шатыры ұшып, тұрғындар жарықсыз қалды. Өңірде өткен сенбі күні қар аралас жаңбыр жауып, дауыл тұрған. Салдарынан электр желілері үзіліп, бірқатар нысанға зақым келген.
Ұмсындық Наурызбаева, тілші:
Қазіргі таңда электр желілері қалпына келтіріліп, тұтынушылар толығымен жарыққа қосылды. Өткен сенбі күні қар аралас жаңбыр мен қатты желдің кесірінен Көкшетау қаласындағы қырық жеті тұрғын үй мен Красный-Яр елді мекенінде жүзден астам абонент электр энергиясыз қалған. Көптеген ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшып, көшелердегі үш аялдама аударылған. Көлік қозғалысы да қиындаған. Абырой болғанда жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Қазір өңірде дауыл басылған. Әзірге желден келген шығын көлемі есептеліп жатыр.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО Алтай ауданында «Таза Қазақстан» акциясы өтті
10.09.2026, 17:37
Энергия ресурстарын тиімді пайдалану жұмысы күшейеді
10.09.2026, 17:35
Павлодарда макулатураны өңдейтін кәсіпорын салынып жатыр
10.09.2026, 17:33
Әке институты қоғаммен қатар өзгеріп келеді
10.09.2026, 17:30
Білімді ұрпақ – ұлт болашағының негізі
10.09.2026, 17:27
Қазақстанда микрохирургия мектебі бірінші рет ашылды
10.09.2026, 17:25
Ел және әлем жаңалықтарына қысқа шолу
10.09.2026, 17:20
Астанадан 200 бала шекара қызметіне аттанды
10.09.2026, 17:17