Нью-Делиде «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Делиде «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті басталды

09.09.2023

Үндістан астанасы Нью-Делиде «Үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті басталды. Қатысушылар барлық мемлекет басшыларын өзгенің территориясын күшпен басып алудан бас тартуға шақырды. Жиында Африка одағының «Үлкен жиырмалыққа» кіретіні мәлім болды. Саммитке АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Жапония, Сауд Арабиясы, Түркия мен өзге де елдердің басшылары қатысып жатыр. Олар дамушы елдер үшін маңызды мәселелерді талқылайды. Сутегі тәрізді балама ресурстарды тиімді пайдалану, азық-түлік қауіпсіздігі мен цифрлық инфрақұрылым проблемалары да бар.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу