Германияда «үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда «үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті ашылды

07.07.2017

Бүгін әлем назары Германияның Гамбург қаласына ауып отыр. Мұнда «үлкен жиырмалық» елдерінің саммиті ашылды. Алқалы жиын ғаламдық геосаяси алаңда маңызды өзгерістер болып жатқан тұста өтуімен ерекше. Саммит аясында АҚШ пен Ресейдің қазіргі президенттері алғаш рет кездесті. Басылымдар мұны «тарихи сәт» деп жазып жатыр. Екікүндік жиында климаттық келісім, қаржылық тұрақтылық, сауда және қауіпсіздік сияқты жаһанға ортақ түйіткілді көптеген мәселелер талқыланбақ. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу