«Үлкен жиырмалық» саммиті қарсаңында Нью-Делиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үлкен жиырмалық» саммиті қарсаңында Нью-Делиде қауіпсіздік шаралары күшейтілді

07.09.2023

Үндістан астанасы Нью-Делиде «Үлкен жиырмалық» саммиті қарсаңында қауіпсіздік шаралары мейлінше күшейтіліп жатыр. Бұл жұмысқа 130 мыңдай тәртіп сақшысы тартылған. Солардың 80 мыңы – Дели полициясының қызметкерлері. Қыркүйектің 9-10-ы күндері өтетін саммитке әлемнің ең қуатты елдерінің жетекшілері қатысады. Солардың қатарында, АҚШ, Ұлыбритания, Сауд Арабия, Түркия басшылары бар.

Олар дамушы елдерге көпжақты институттардан молырақ несие беру, халықаралық қарыз архитектурасын реформалау, криптовалюта ережелерін және бүгінгі геосаяси ахуалдың әлемнің азық-түлік пен энергетикалық қауіпсіздігіне әсерін талқылайды.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу