«Үлкен жиырмалық» елдерінің жетекшілері Үндістанда жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үлкен жиырмалық» елдерінің жетекшілері Үндістанда жиналды

08.09.2023

Бүгін «Үлкен жиырмалық» елдерінің жетекшілері Үндістан астанасы Нью-Делиге жиналып жатыр. Ертең мұнда осы топтың саммиті ашылады. Оған АҚШ президенті Джо Байден, Британия премьер-министрі Риши Сунак, Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бин Салман, Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған және өзге де алып мемлекеттердің басшылары қатысады.

Сенбі-жексенбі күндеріне жоспарланған саммит «Әлем – бір отбасы» деген атаумен өтеді. Онда дамушы елдерге несие беру, халықаралық қарыз архитектурасын реформалау, криптовалюта ережелері және бүгінгі геосаяси ахуалдың әсері талқыланады.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу