Германияда ғаламдануға қарсы манифестанттар полициямен қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда ғаламдануға қарсы манифестанттар полициямен қақтығысты

05.07.2017

Германияның Гамбург қаласында «Үлкен жиырмалық»  елдерінің саммиті қарсаңындағы шерулер тәртіпсіздікке ұласты. Мұнда ғаламдануға қарсы манифестанттар полициямен қақтығысқан. Соңғы мәліметке қарағанда, қалаға әлемнің түкпір-түкпірінен осындай ұстанымдағы 8 мыңдай адам жиналған. Жұмаға дейін олардың саны артуы мүмкін.

Демонстранттар өздері құрған лагерді тәртіп сақшыларының бұзғанына наразы. Сондықтан, олар полицияға отты шөлмек пен тас лақтырған. Ал, қауіпсіздік күштері шерушілерді тарату үшін су шашты. Елдің екінші ірі қаласында «Үлкен жиырмалық» елдерінің жоғары деңгейдегі кездесуі шілденің 7-8-і аралығында өтеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу