Елімізде аграрлық өнім өңдеу әлеуеті артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде аграрлық өнім өңдеу әлеуеті артады

08.09.2023

«Елімізде алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізу керек». Президент халыққа Жолауында айтылған бұл міндетті орындауда Шымкент қаласының үлесі басым боламақ. Оған тамақ өнеркәсібін ұлғайту мақсатында салынып жатқан арнайы индустриалды аймақ айқын мысал.

Бүгінгі таңда Шымкентте 200 гектардан астам жылыжай бар. Онымен 113 шаруашылық айналысады. Олардың дені нарықтың сұранысына сай аграрлық саладағы түрлі жетістіктерді пайдалануға көшкен. Аквапоника, яғни жасанды климаттық орта жасау арқылы өсіріп келеді.

Қазыби Жақсыбек, агроном:

тамшылатып суару арқылы қиярға керекті 13 элементті береміз. Жерден ерекшелігі сол. Сондықтан өнімділігі 3 есе жоғары. Және тасымалдау, экспортқа шығару өте тиімді.
Дегенмен, пандемия мен геоссаяси жағдайлар көкөніс экспортына едәуір қиындық тудырды. Сондықтан да бүгінде бақша өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар қатары көбейіп келеді. Қазір шаһарда көкөністі консервілейтін оншақты кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бірақ мұнда да қиындық бар. Шыны банкілер мен темір қақпақты өзге елден сатып алуға тура келеді.

Нуриддин Адинов, цех басшысы:

 Шетелден тасимыз. Жол шығыны қымбат, ұзақ күтеміз. Оған бір жыл алдын алуға ақша төлеу керек.
Қайта өңдеу ісімен айналысатын кәсіпорындардың бір шоғыры бүгінде көршілес елдердің нарығына енуге талпыныс жасауда. Әйтсе де отандық өнім өз елімізде импортқа төтеп бере алмай келеді.

Бақтияр Халмұрадов, кәсіпорын өкілі:

Ең бастысы Ресей болып тұр. Ресейден кіріп жатқан өнім 30-40 пайыз төмен.Соны теңестіре ме әлде оларға қосымша салық сала ма. Сол шешілсе.
Ауылшаруашылығы өнімдерін терең өңдеу ісін жандандыру мақсатында мегаполисте арнайы индустриалды аймақ жасақталуда. Аумағы 132 гектар болатын орталықта 30-ға тарта кәсіпорын іске қосылады.

Алтынбек Сұлтанмұрат, қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бас маманы:

27 инвест жоба жүзеге асқан жағдай шашамен 40-45 пайызға өңдеу әлеуетіміз артады. Одан бөлек экспортқа шығатын мүмкіндік туады.
Бүгінгі таңда шаһарда 500-дейі агроқұрылым бар. Әзірге олардың 20 пайыздайы ғана өңдеу ісімен айналысуда. Президент бұл саланы дамыту үшін шаруаларды ынталандыру мен салық саясатын қайта қарауды ұсынды.

Хабарламаларға жазылу