Ресейдегі қазақтар ұлттық өнерді ұлықтап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейдегі қазақтар ұлттық өнерді ұлықтап жүр

05.09.2023

Ресейдің Свердлов облысында 4000-мыңға жуық қазақ тұрады. Қиырдағы қандастарымыз ұлттық өнерді ұлықтап, салт-дәстүрді жаңғыртып жүр. Солардың бірі - домбыра жасау шебері Бақытжан Бексұлтанов.

Бақытжан Бексұлтановтың жасы 70-тен асқан. Өмірін ауыл шаруашылығына арнаған ол қазір ата дәстүрді дәріптеп жүр, домбыра жасаумен айналысады. Айтуынша, атадан балаға дарыған шеберлік дәстүрді жастардың бойына сіңіруіміз керек.

Бақытжан Бексұлтанов, шебер:

Қазіргі жастар қазақтың дәстүрін біле қоймайды, әсіресе Ресейде тұратындар. Осылай домбыра жасап, қазақтың дәстүрі қалсын деген ойым бар. Соны үйреткім келеді. Домбыра жасау оңай емес.

Барлық Бексұлтановтар әулеті домбыра жасаумен айналысқан. Шебердің айтуынша, бір домбыраны жасауға үш күн уақыт кетеді. Алдағы уақытта үлкен шеберхана ашып, жастарды ұлттық өнерге баулымақ.

Жалпы Свердлов облысында бірнеше қазақ ұйымы бар. Олар түрлі шараларда қазақтың өнерін насихаттап, ықыласқа бөленіп жүр.


Индира Бекайдар

Хабарламаларға жазылу