Сарапшылар Президенттің банк қызметін қайта қарау туралы тапсырмасын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар Президенттің банк қызметін қайта қарау туралы тапсырмасын қолдайды

02.09.2023

«Отбасы банкінің» қызметі халыққа ыңғайлы болуы қажет. Сарапшылар мен ел азаматтары Президенттің банк қызметін қайта қарау туралы тапсырмасын қолдайды. Өз жолдауында Мемлекет басшысы халықты қарызға батырған қаржы ұйымдарына да шүйлікті. Оңды-солды тұтынушылық несие беруді әдетке айналдырды. Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев қаржы институттарының жұмысын түбегейлі реттеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы «Отбасы банктің» қызметін қайта қарау қажеттігіне тоқталды. Әсіресе, ауыл-аймақтарға мән беру қажет деп отыр. Жолдауда айтылған бұл бастаманы қрапайым тұрғындар да қолдайды.

Басқа жерден филиал ашқан дұрыс деп санаймын. Тек қаланың ортасынан емес. Мысалы, бізде қаланың ортасында тұр. Бірақ, шет жағында Мұнайлы ауданында, Шет ауданында мысалы үшін жоқ, соның филиалдары былай қарап отырсаң. Енді ол жерде де халық бар. Ол жердегі халық та бірдеңе жинағысы келеді.

«Отбасы банк» негізі ерекше банк қой. Осындай мақсатпен құрылған. Мемлекетіміз ақша бөліп жатыр. Сол себепті кішкене халыққа ыңғайлы болуы керек.

Пайыздық жағынан азайса, бір жағынан 50 пайыз бір адамда мүмкіндік бар, бір адамдарда жоқ.

Президент екінші деңгейлі банктердің тұтынушылық несиені оңды-солды таратуын да сынға алды. Бұл халықтың шектен тыс қарызға батуына әкеп соқтырды, дейді. Сарапшылар бұл мәселені шешу үшін банк жүйесіне өзгеріс қажет деген пікірде.

Мақсат Халық, экономист:

Екінші деңгейлі банктердің табысы, таза табысы 1 жарым трлн теңгеден асып жығылған. Биыл да тура солай болайын деп тұр. Сонда 2 жыл қатарынан осындай қыруар табысқа ие болып жатқандығы белгілі бір дәрежеде біздің банктердің реалды түрде экономиканы қаржыландыру функциясымен емес, керісінше тұтынушылық несиені қаржыландырумен айналысып кеткендігін көрсетеді.

Несие алып, қарызын өтей алмай жүргендердің мәселесін реттеу үшін осыдан 4 жыл бұрын 500 мың азаматтың қарызы кешірілген. Банктроттық туралы заң да қабылданды. Алайда, ахуалды біржола түзеу үшін бұл жеткіліксіз. Қасым-Жомарт Тоқаев неғұрлым тиісмді, жүйелі шаралар қабылдануы қажет екенін айтады. Ең алдымен халықтың қаржылық сауатын арттыру ісін қолға алу мәселесін ерекше атап өтті.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу