Аграрлық саланы дамыту үшін ғылымға сүйену қажет – ғалымдар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аграрлық саланы дамыту үшін ғылымға сүйену қажет – ғалымдар

01.09.2023

Ауылшаруашылығын ғылыммен ұштастыру – экономиканы әртараптандырудың негізгі тетігі. Президент Жолдауын тыңдаған атыраулық ғалымдар осылай дейді. Зиялы қауым өкілдері – агросекторды қайта түлетуге теңдессіз мүмкіндік туып тұрғанын жеткізді. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы, заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы құрдымға кетеді. Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет- деп баса айтты.

Қосыбек Ырзағалиев, ауылшаруашылығы ғылымының докторы, профессор:

Ауылшаруашылығын ғылыми түрде жүргізу. Мысалы, мал шаруашылығы, егін шаруашылығындағы алатын өнімдерді сапасы оның көлемі, ғылыми тұрғыда дәлелденбесе, мысалы жерді дұрыс пайдаланбасақ, одан дұрыс нәтиже ала алмаймыз. Міне осыған, Мемлекет басшысы өте орынды пікірлерт айтып, халықтың ойынан шығатын мәселелерді жақсы талқылады.

Президент ойы ұшқыр, креативті азаматтарға толық жағдай жасауымыз керек деп қадап айтты. Атыраулық жастар бұл бастама дарын иелерінің әуелі өз елінде еленуіне мүмкіндік береді, дейді.

Жәнібек Ғалым, жас ғалым:

Талантты жастар өте көп. Олардың көбі қазақстандық қоғамнан өздерін көрсете алмағандықтан, өзінің ортасын таба алмағандықтан шетелге кетіп жатқан жағдайлар бар. Университеттердің қасынан үлкен жоба жасау керек пе? Осы мәселелерге алдағы уақытта біздің қоғам басымдық беріп, осы түйіткілдерді шешу керек деп есептеймін.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу