Қазақстан армиясы цифрлық жүйеге көшіп жатыр
Қазақстан армиясында цифрландыру қарқынды дамып келеді. Қазір әскери саланың ішкі процестері кезең-кезеңімен электронды форматқа көшіріліп жатыр. Былтыр іске қосылған «Сарбаз+» жобасы арқылы әскерге шақырылған азаматтар қай өңірде, қай бөлімде қызмет өтейтінін алдын ала біле алады. Ал биыл Алматыда ашылған «DefenseTech» инновациялық орталығы ІТ мамандар мен стартаптарды қорғаныс саласына тартуға жол ашты. Соның нәтижесінде қағазбастылықты азайтып, әскери дайындықты тиімді жүргізуге арналған жаңа жобалар енгізілуде. Соның бірі — «Бес қару» жүйесі.
Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
«Бес қару» деген осы жылдың наурыз айында енгізген жобамызды көрсетіп кеттік. Бұл жоба әскерде болып жатқан 80 пайыз жұмысты оңтайландырды. Қазіргі таңда осы жобаны әскерге енгізіп жатырмыз. «Бес қару» әскерде күнделікті жаттығу өткізеді. Бейбіт өмірдегі мақсаты: әскерді дайындау, жаттығуларды өткізу. Көптеген қағаздар, журналдар қолданылып жатыр. Сол қағаздардың бәрін цифрландырдық.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05