АҚШ-та Covid-тің жаңа түрі өршіп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та Covid-тің жаңа түрі өршіп тұр

31.08.2023

АҚШ-та Covid-тің «Eris» деп аталатын түрі өршіп барады. Соңғы апталарда осы жаңа штамды жұқтырып ауруханаға түскендер күрт артқан. Дәрілерлер науқастардың қатары күзде көбейе түседі деп дабыл қағып отыр.

Covid-тің EG.5 нұсқасы қазір АҚШ-тағы негізгі штаммдардың біріне айналды. «Eris» деп ат берілген «Omicron»-ның субварианты өте жұқпалы дейді мамандар. Тамыз айында ақшта тіркелген науқастардың бестін бірінен инфекцияның осы түрі анықталған.

Фредерик Дэвис, Лонг-Айленд ауруханасының жедел жәрдем бөлімінің жетекшісі:

Соңғы бірнеше аптада біз індеттің өршігенін байқадық. Өзін жайсыз сезініп келген науқастардың көбінде Covid бар екені анықталды. Бұған дейін бізге келетіндердің орта есеппен 2-4 пайызынан инфекция шықса, өткен аптада бұл көрсеткіш шамамен 12%-ға жетті.

Дерті асқынып, аурухана төсегіне таңылған науқастандың да саны артқан. Екі аптаның ішінде орташа тәуліктік статистика жиырма пайызға өскен. Жалпы елдегі эпид ахуал алдағы күндері тіпті ушыға түсуі мүмкін дейді мамандар.

Денис Наш, Нью-Йорк қалалық университетінің эпидемиология кафедрасының профессоры:

Біз жағдайды мұқият бақылап отырамыз. Күзде індеттің таралуы белең алады. Себебі ауа райы суытады. Балалар да мектепке қайта орала бастады. Сондықтан эпид ахуал алаңдатып отыр.

Алаңдауға да себеп жоқ емес. Қазіргі екпелер «Omicron»-ның жаңа субвариантына толық қарсы тұра алмайды. Ал АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы қазан айында ғана індеттің жаңа түріне төтеп беретін екпені шығаруы мүмкін.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу