Премьер-министр Президенттің алғашқы Жолдауынан атқарылған жұмыстар туралы есеп берді
Президент тапсырмасымен жүзеге асырылатын барлық кешенді іс-шаралар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы айтты. Әлихан Смайылов фракция депутаттары алдында Мемлекет басшысының алғашқы Жолдауынан бері әр салада атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Еліміздің саяси өмірінде тың серпіліс бар. Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша өткен былтырғы референдумда халық Мемлекет басшысының саяси реформаларын толық қолдады. Жаңа Ата заң үлкен өзгерістердің бастауы болды. Президент әр Жолдауында елімізде әділдік пен демократия принциптерін орнықтыру тетіктеріне басымдық береді.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Соның дәлелі көппартиялы Мәжіліс жасақталды. Әртүрлі көзқарастағы азаматтар депутаттық мандатқа ие болды. Тағы бір көрінісі Мемлекет басшысының бастамасымен биыл алғаш рет басым дауыс алаған партия Премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды.
Барлық бағдарламалық құжаттар халқымыздың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Жаңа Әлеуметтік кодекстің аясында бала күтімі кезеңі 1,5 жасқа дейін ұлғайтылды. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы артты. Бүгінде бұл көмекті 750 мыңнан астам ана алады. 1-4-ші сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан осал отбасылардан шыққан 97 мың бала балабақшада тегін тамақтанады. Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылған адамдарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы 23 пайызға артты. 2 млн-нан астам зейнеткердің зейнетақысы өсті.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде бекітілді. Осыған байланысты зейнетақыға арналған шығыстар 800 млрд. теңгеден астам қосымша соманы құрайды. 1 миллионнан астам адам зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге пайдаланды.
Кешенді жоспардың аясында 600 мыңнан астам адам жұмысқа орналасты. Жастардың жас шамасы 29-дан 35 жасқа дейін ұлғайтылды. Осының нәтижесінде 6 млн-ға жуық адам мемлекеттік қолдау шараларына қол жеткізе алады. Жиында ауыл шаруашылығы, бизнес саласын дамыту мен елді газдандыру, тариф мәселелері де пысықталды.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы