АҚШ-та қазақ брендін қалыптастырып, кәсібін дөңгелеткен кәсіпкер. Айдын Есенгелді - жас бизнесмен. Қытайдан Америкаға тауар жеткізіп қана қоймай, «дизайні Қарағандыда жасалған» белгісімен бірнеше өнім шығарып отыр. Отандасымыздың кәсібімен танысып қайтқан меншікті тілшіміз Жалғас Сәдібекұлының репортажы.
Yes candy атаумен сатылатын желе тәттісі америкалық балалардың сүйікті өніміне айналған. Химиялық қоспасы жоқ, таза жеміс жидектердің шырынан жасалған соң дәрумені көп.
Америкада азық-түлік өнімдерін шығару оңай емес. Себебі қауіпсіздігіне қатысты қойлатын талап қатаң. Бірнеше дүркін сараптамадан өтеді. Сондықтан да бұл өнімді рәсімдеп шығару үшін сегіз ай кеткен. Нәтижесінде жас кәсіпкер тәттіні тек АҚШ заңдарына ғана емес әрі халал стандартына сай етіп шығарады. Қазір «дизайні Қарағандыда жасалған қазақ бренді» деген сауда белгісімен дүкендермен қатар, әлемге әйгілі Amazon онлайн сауда желісі арқылы да АҚШ тұтынушыларына тарап жатыр.
Айдын Есенгелді, АҚШ-та кәсіп ашқан қазақ:
Бүкіл әлем Қытаймен жұмыс істеп жатыр. Apple, Amazon, Аdidas болсын, басқа болсын. Брендтер америкалық, бірақ өндіріс қытайдікі. Мен де солай істедім. Бренді қазақтікі, Америкада, Ресейде, Қазақтанда сатылады. Бірақ Қытайда өндірілген.
Айдын тәттіден бөлек, қазақ брендімен жүк көліктеріне арналған сүзгіштер де шығарады. Себебі АҚШта трак бизнесі үлкен нарықтардың бірі. Сондай-ақ мынадай экраны бар ақылды сөмкелері де америкалық жастар арасында сұранысқа ие. Бірақ экәсіпкер бұл тауарды тек жылдың төртінші тоқсанында сатамыз дейді.
Айдын Есенгелді, АҚШ-та кәсіп ашқан қазақ:
Неге? Себебі осы кварталда америкалықтар ол кезде көп тауар алады. соның ішінде осындай ЛЛД бакпак бар. Бұл жерде анимация бар. Смартфон арқалы Қазақстанның туын шығарамын.
Қытаймен бизнес жасау үшін Гуанджоуга арнайы барып бірнеше жыл тіл үйреніп, оқып қайтқан Айдын қазір америкалықтарға Қытайдан кез келген тауарды тауап жеткізіп береді әрі АҚШ стандарттарына сай рәсімдеуге көмектеседі. Арманы асқақ қазақ кәсіпкері сауда-логистикалық компаниясын келешекте халықаралық белді компанияға айналдыруды көздеп отыр.
Жалғас Сәдібекұлы