Президент: Омбудсмендердің өкілдері барлық кеңесші органның жұмысына қатысуы керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Омбудсмендердің өкілдері барлық кеңесші органның жұмысына қатысуы керек

29.08.2023

Конституциялық Соттың жұмысын одан әрі жетілдіру қажет. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау жүйесінің өкілдерімен кездесті. Президенттің пікірінше, Конституциялық Соттың шешімдерін ескере отырып, оларды заң жүзінде бекіту маңызды. Мемлекет басшысы азаматтардың омбудсмендермен қарым-қатынасы жандана түскеніне назар аударды. Өтініштердің саны екі есе артты. Үкімет пен әкімдер омбудсмендердің өкілдерін барлық кеңесші органның жұмысына қатыстыруы қажеттігін айтты. Бұдан бөлек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соттың, полицияның және прокуратураның қызметіне қатысты шағым көп екенін жеткізді. Мемлекет басшысының сөзінше жұрт құзырлы органдардан әділдік таба алмаған соң, Президент Әкімшілігіне арызданады. Ол өтініштердің саны азаяр емес. Бұл аса маңызды мәселе деді Президент.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу