«Арселор Миттал Теміртау» компаниясы қарағандылық кәсіпорындарға 2 млрд 610 млн теңге қарыз. Себебі Металлургиялық комбинат өндрісі үшін жергілікті кәсіпорындардан алынған көмір концентратының ақшасын бермеген. Салдарынан зауыт, фабрикалардың өндірісі тоқтап, 500-ден астам жұмысшы далада қалды. Көмір концентратын зауыттардан алып металлургиялық комбинатқа өткізіп отырған Майқұдық байыту фабрикасы өндіріс алпауытынан ақшасын ала алмай жүр. «Арселор Миттал Теміртаумен» арада 2023 жылдың желтоқсанына дейін келісім-шарт бар. Бірақ компания түсініксіз себептермен маусым айынан бері концентрат алуды тоқтатқан. Қазір шетелден сатып алып отыр. Сондай ақ, «KAZ Феррит» фабрикасының қызметі тоқтап қана қоймай, салық аударымдары кешігіп, соңы жұмыссыздыққа алып келді.
Бекжан Көпбаев, «Kazферрит» ЖШС директоры:
Біз қазір жұмыскерлерге жалақы бере алмай отырмыз екі ай болды. 65 млн көлемінде жалақы қарызымыз бар. Мынау «АрселорМитталТеміртау» біздің контрагентке ақшамызды төлемей отыр. Содан кейін біз жұмыскерлерімізді ақысыз демалысқа жібердік. Бірақ 50 пайыз жалақыларын төлеп отырмыз.
Руслан Нұрланұлы