Басты Жаңалықтар Айына 500 доллар төленеді: «Меценат» әдеби сыйлығының жеңімпазы анықталды

Айына 500 доллар төленеді: «Меценат» әдеби сыйлығының жеңімпазы анықталды

Алматыда «Меценат» әдеби сыйлығының жеңімпазы белгілі болды. Байқаудың екінші маусымына 58 роман ұсынылған. Соның алтауы кәсіби іріктеуден өтті. Шешуші кезеңде оқырман қауым онлайн дауыс берді. Нәтижесінде, жазушы Тұрысбек Сәукетай 800-ден астам ұпаймен «Өлгендер қайтып келеді» атты фантастика жанрындағы туындысымен топ жарды. Автордың сөзінше, бұл «Мен – жындымын» деген әжуа аралас мұңлы романының екінші бөлімі. Айта кетейік, жазушы енді өмір бойы ай сайын 500 АҚШ доллары көлемінде сыйақы алып отырады.

Тұрысбек Сәукетай, жазушы:

Бұл роман қазіргі өзіміз көріп жүрген күнделікті өмір. Қоғам басынан кешіп отырған сіз бен біздің жағдай, соны жазуға тырыстым. Біздің сарапшылар әділ болды, профессионал болды, содан таңдап алып жатыр деп ойлаймын. Әлі де алдағы уақытта да талантты шығармаларға жол ашылады деп ойлаймын. Бұл «меценат» расында да біз үшін үлкен жақсылық, үлкен қолдау болып отыр. Мен өзім шын разымын.

Әйгерім Ердәулет


Бөлісу