«Бабалар аманаты» жинағының бесінші саны Түркияда жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бабалар аманаты» жинағының бесінші саны Түркияда жарыққа шықты

18.08.2023

«Бабалар аманаты» жинағының бесінші саны Түркияда жарыққа шықты. Бұл жолғы басылым белгілі қоғам қайраткері, қазақтың біртуар тұлғасы Дінмұхаммед Қонаевқа арналған. Анкарадағы Түрксой халықаралық ұйымында өткен шарада сөз сөйлеген осы ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев өзінің Дінмұхаммед Қонаев туралы естеліктерін бөлісті. Одан соң кітаптың тұсаукесері жасалып, осы жинақтың шығуына атсалысқан адамдарға Қонаев атындағы төсбелгі мен алғыс хаттар табысталды.

«Бабалар аманаты» жинағының бұған дейінгі сандары Абайға, Әл-Фарабиге, Мұқағали Мақатаевқа және Ахмет Байтұрсыновқа арналған еді. Ал Дінмұхаммед Қонаевтың 110 жылдығына арналған бұл жинақта белгілі тұлғалардың лебіздері мен мектеп мұғалімдерінің Қонаев туралы қолөнер еңбектері топтастырылған.

Қанағат Көдеков, кітап авторы:

Шығармашылықпен үнемі айналысатын өзінің қолтаңбасы ерекше ұстаздар, жас мамандар еніп отыр. Ақ самайлы ана ұстаздарымыз да бар. Көп жыл білім саласына еңбегі сіңген ақсақал ұстаздарымыздың еңбектерін, ұлттық киелі өнерімізді өскелең ұрпаққа дәріптеу мақсатында осы кітапты шығарып отырмыз.


Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу