Елімізде «Жастармен бірге» республикалық байқауы басталды
Елімізде жастарды қолдауға арналған республикалық байқау басталды. Оған 14 пен 35 жас аралығындағы азамат команда жинап, қатыса алады. Байқауда бақ сынағысы келген жастар мемлекеттік қызметкер болуы тиіс. Онлайн өтінішті «Ulesqos.кz» сайты арқылы жіберуге болады. Айта кетейік, жоба 6 кезеңнен тұрады. Әділқазылар қатысушылардың дайындаған бейнероликтерін бағалап, танымдық сұрақтар қояды. Шешуші кезеңде дауыс беру нәтижесі арқылы жеңімпаздар анықталады. «Ал байқау қорытындысы қараша айында белгілі болады», - дейді ұйымдастырушылар.
Жасұлан Қуандық, «Жастармен бірге» республикалық байқауының жетекшісі:
Бұл байқаудың негізгі мақсаты - ауыл және қала жастарының жастар саясатындағы белсенділігін арттыру, ілгерілету, сондай-ақ мемлекеттік органдағы өкілдер мен жастар арасындағы байланысты нығайту. Жобаның нәтижесінде үздіктердің барлығын Астанаға жинаймыз деген ниетіміз бар. Ол жерде 20 номинация бойынша марапаттаймыз. Атап өтер болсақ, «Жастарға жақын әкім», «Үздік жас көшбасшы», «Үздік ауыл» деген сияқты 20 номинация болады.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық өнердің ұстаханасы жаңартылады
27.07.2026, 20:58
Тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттың құрылысы басталды
27.07.2026, 20:56
Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
27.07.2026, 20:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Халықаралық командалар Астанаға жинала бастады
27.07.2026, 20:04
БҚО-да 116 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
27.07.2026, 20:04
Тоқтар Әубәкіров – 80 жаста
27.07.2026, 20:03
«Таза Қазақстан» акциясы аясында табиғи аумақтар тазартылды
27.07.2026, 20:02
Маңғыстаудың жартас мешіттері Дүниежүзілік мұралар тізіміне қосылды
27.07.2026, 20:01