Жетісу облысында тасқын: Ешкіөлмес ауылында 40 үйдің ауласына су кірді
Бейне қолжетімді емес
Қатты нөсер салдарынан Жетісу облысының Ескелді ауданының бірнеше елді-мекенінің көшелерін су басты.
Атап айтқанда Ешкіөлмес ауылында 40 үйдің ауласына су кірді. Көксу ауданына қарасты Мәмбет ауылында бес үйдің ауласымен таудан аққан су жүріп өткен.
Сондай-ақ Талдықорған-Үштөбе тас жолының 35 шақырымында жол астындағы құбырдың шамасы жетпей таудан жиналған су тас жолдың беткі қабатын шайып кетті.
Жауын-шашын салдарынан қираған ғимарат және зардап шеккендер жоқ.
Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әлібек Жақанбаевтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбе облысында ауылға көшетіндер қарасы артты
12.08.2026, 17:27
«Дипломмен – ауылға»: Маңғыстау облысында нәтиже беруде
12.08.2026, 17:25
Конституцияның негізгі діңгегі – отбасы
12.08.2026, 17:22
Партиялардың алғашқы командалық теледебаты өтеді
12.08.2026, 17:20
БАӘ-де екі дауыс беру учаскесі ашылады
12.08.2026, 17:17
Бүгін әлем халқы Күн тұтылғанын көреді
12.08.2026, 17:15
Индонезияның Бали аралында паром өртенді
12.08.2026, 17:13
Таиланд үкіметі қаруға рұқсат беруді тоқтатпақ
12.08.2026, 17:10