Семейде Абай күніне орай ультрамарафон өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде Абай күніне орай ультрамарафон өтіп жатыр

09.08.2023

Семейде Абай күнініне орай «Абай жолы 100 миль» ултрамарафоны өтіп жатыр. Оған еліміз бен қоса Қытай, Ресей мемлекеттерінен келген 20 желаяқ қатысуда. Жүйріктер «Семей-Бөрілі» аралығындағы 80 шақырымды, сондай-ақ «Семей-Жидебай» аралығындағы 160 шақырымды бір тәулікте бағындырмақ. Ұлттық спорт тарихында 100 мильдік қашықтықта марафон алғаш рет ұйымдастырлып отыр. Семейден шыққан жүйріктер Жидебайдағы мәреге бүгін түнде жетпек.

Рамазан Сәттарұлы, ұйымдастырушы:

Жарысқа шығатын 20 желаяқтың бәрі тәжірибелі. Осы кезге дейін 5-6 жыл шұғылданып бірнеше жарысқа қатысқандар. 10 тамыз-Абай күні жыл сайын осы жарыс өтіп тұрсын деген ұсыныс жасап жатырмыз


Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу