Алғыс айту күніне орай қайырымдылық шаралары өтіп жатыр
Алғыс айту күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясы бірнеше қайырымдылық шараларын қолға алды. Бүгін елордадағы Достық үйінде этножәрмеңке басталды. Мұнда түрлі ұлыс өкілдері өздерінің ұлттық тағамдары мен қол өнер бұйымдарын арзан бағада сатуды ұйымдастырған. Түскен қаражат түгелдей мұқтаж жандарға беріледі.
Одан бөлек, халықтың әлеуметтік осал топтарына азық-түлік қораптары жеткізілмек. Жексенбі күні этномәдени бірлестік өкілдері жалғызбасты қарттардың ауласын қардан тазартып беруді жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Туған елге мың алғыс» атты челлендж басталып, түрлі ұлт өкілдері әлеуметтік желілерге өз алғыстарын жүктеп жатыр.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05