Семейде дәстүрлі республикалық «Абай оқулары» байқауының ашылу салтанаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде дәстүрлі республикалық «Абай оқулары» байқауының ашылу салтанаты өтті

27.08.2019

Семейде дәстүрлі республикалық «Абай оқуларының» ашылу салтанаты өтті. Ұлы ақынның 175 жылдығы қарсаңындағы  дарындылар байқауы биыл 20 – шы рет қолға алынып отыр. Ұйымдастырушылар сайыстың жылдағыдан өзгерек болатындығын айттты. Бұрындары 4 номинация бойынша өтіп келген байқауға, биыл тағы екі номинация қосылған. Абай оқуларына еліміздің әр түкпірінен алдын ала іріктеуден өткен 130 оқушы жиналды. Ашылу салтанаты Семейде өткенімен байқаудың өзі үш күн бойы Жидебайда жалғасады. Биыл таланттар сайысының бас жүлдесін иеленген оқушыға  Л.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің арнайы гранты табысталмақ. 

Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу