Португалияның оңтүстігінде орман өрті қаулады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияның оңтүстігінде орман өрті қаулады

08.08.2023

Португалияның оңтүстігінде орман өрті қаулады. Тілсіз жау 6700 гектар аумақты күлге айналдырған. 1400 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт 3 күн бұрын басталған. Содан бері онымен 800 өрт сөндіруші күресіп жатыр. Жағдайды күшті жел мен аптап ыстық қиындатты.

Тілсіз жау елдің танымал курортты аймақтарына қарай ойысып барады. Бұдан бөлек, Португалияның 120 ауданында орман өрті тұтану қаупі жоғары екені ескертілді.  


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу