Португалияда орман өртін сөндіруге мыңнан астам адам жұмылдырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалияда орман өртін сөндіруге мыңнан астам адам жұмылдырылды

01.08.2022

Португалияның Марфа муниципалитетінде орман өрті дес берер емес. Тілсіз жауды ауыздықтауға мыңнан астам адам жіберілді. Дегенмен, «Reuter» агенттігінің хабарлауынша, лапылдаған жалынды тоқтатуға аптап ыстық пен ұйытқыған жел кедергі жасап жатыр. Жергілікті билік жолдарды жауып, кейбір елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді. Ал орталықтағы Орем муниципалитетінде жүздеген гектар аумақ күлге айналған.
Ауаның температурасы 40 градустан асып кеткендіктен елдің солтүстігіндегі үш ауданда бүгін «қызыл деңгейлі дабыл» қағылуы мүмкін.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу