Испанияның оңтүстігінде орман өрті қаулап, 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияның оңтүстігінде орман өрті қаулап, 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды

09.06.2022

Испанияның оңтүстігінде орман өрті қаулап, 2 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшуге мәжбүр болды. Олардың кейбірі отельдерге, ендігі біреулері туыстарының үйіне немесе жергілікті спорт орталығына кеткен.

Пухерра тауының бөктеріндегі жасыл желектер кеше жана бастады. Өрттің өрши түсуіне жаздың аптап ыстығы мен ұйытқыған жел себепші. Андалусия аймақтық үкіметінің мәлімдеуінше, тілсіз жаумен күреске және халықты қауіптен қорғауға мыңға жуық маман жөнелтілген.

Әзірге құрбандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу