Португалиядағы орман өрті 10 500 гектарды шарпыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Португалиядағы орман өрті 10 500 гектарды шарпыды

12.08.2022

Португалияның орталығында орман өрті қаулап барады. Соңғы мәліметке қарағанда, 10 жарым мың гектар жасыл желек жанып кеткен. Тау бөктеріндегі ағаштарды бір апта бұрын от шарпыған. Содан бері мың жарымнан астам адам тілсіз жаумен күрес жүргізіп жатыр.

Бейсенбі күні аптап ыстық пен ұйытқыған желден Франция мен Испанияда сан мың гектар орман күлге айналды. Және де Францияда 10 мыңдай адам үйлерін тастап кеткен.

Еуропа ғарыш агенттігінің мәлімдеуінше, мұндай оқиғаларды азайту үшін, аймақ елдері климаттың өзгеруіне қарсы шұғыл әрекет етуі керек.

Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамынша, алдағы 28 жылда климаттың жылынуынан орман өрттері 30 пайызға көбейеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу