Елімізге әкелінетін әрбір екінші аяқ киім шекарадан заңсыз өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізге әкелінетін әрбір екінші аяқ киім шекарадан заңсыз өтеді

31.07.2023

Елімізге әкелінетін әрбір екінші аяқ киім шекарадан заңсыз өтеді. Көлеңкелі экономикаға шектеу қою үшін 3 ай бұрын Индустрия министрлігі тауарды маркалауды міндеттеген болатын. Алайда кәсіпкердің көбі бұл талапты орындап жатқан жоқ. Өйткені олар қосымша шығын екенін бірнеше рет айтқан. Алайда түркиялық іскерлер «зауыттан жеткізілген тауарлардың цифрлық құжатын әзірлеу артық шығынды қажет етпейді, қажет болса өз тәжірибемізбен бөлісе аламыз», - деп отыр.

Сондай-ақ, Индустрия министрлігі де бір аяқ киімді маркалау отандық кәсіпкерлер айтқандай 3 мың емес, 3 теңге болатынын айтып отыр. Айта кетейік, осыдан бірнеше жыл бұрын шекарадан өткізілген аяқ киімдерді де кәсіпкерлер түгел маркалауы тиіс. Өйткені бұл талап бір жыл кейінге шегеріліп енгізіліп отыр. Ал саударгерлердің өзіне екі жыл бұрын ескертілген.

Мехмет Бәрбәржі, кәсіпкер:

Аяқ киімді маркалау оның бағасына әсер етпейді. Бұл ең алдымен тұтынушыға сол тауар туралы толыққанды ақпарат береді. Мәселен, онда аяқ киімнің терісі мен түр-түсі тіпті, зауыттан шыққан бағасы да көрсетеледі. Импорттаушы ел үстіне қосатын құнын цифрлық құжатта өзгертуді жөн санаса, біз оны өзі қалағандай түзеп береміз. Бастысы аяқ киімге фабрика кем дегенде 2 жылдық кепіл береді. Сапалы аяқ киімді де небәрі 6-7 мың теңгеге алуға болады.


Әйгерім Ердәулет

Хабарламаларға жазылу