Қостанай облысында қызылша індетін жұқтырғандар саны көбейді
Қостанай облысында қызылша індетін жұқтырғандар саны көбейді. Соңғы жарты жылда 57 адам ауырған. Ал былтыр өңірде небәрі 2 тұрғыннан ғана анықталған еді. Науқастардың 61 пайызы, яғни 22-сі екпе алудан бас тартқандар. Балалар 1 және 5 жаста вакцина алуы тиіс. Әйтпесе, қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынас кезінде жұқтыруы әбден мүмкін.
Дерт асқынғанда ларингит, пневмония, отит, стоматит секілді ауруларға ұласады. Арифметикалық есеп бойынша, әрбір 500 науқастың біреуі дертінен айыға алмай көз жұмады. Бүгінде еліміз бойынша 2596 адамнан осы аурудың белгілері анықталды. Соның 1062-сі Алматы қаласының тұрғындары. Ал Тобыл өңірінде індет маусым айында ушығып, әлі де басылмай тұр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да электр желісінің 80 пайызы тозып тұр
10.12.2025, 20:58
Отандық фильм көрерменге жол тартты
10.12.2025, 20:46
Бүгін – халықаралық Адам құқықтары күні
10.12.2025, 20:46
Астанада ертең де аяз болады
10.12.2025, 20:39
Электрлі самокатпен ереже бұзғандарға айыппұл көлемі белгілі болды
10.12.2025, 20:38
Мектептегі жаңа ас мәзірі
10.12.2025, 20:32
Аяз, көктайғақ, кептеліс: Қалада көлік қозғалысы қиындады
10.12.2025, 20:29
Әлем жаңалықтарына шолу
10.12.2025, 20:09